07/09/2026  Понедельник
Коммунальное государственное учреждение
8(7282) 41-80-20
РК, область Жетісу, г.Талдыкорган, Микрорайон КАРАТАЛ, 36Б

 

Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен орталықтың аудандық және қалалық филиалдары оқытушылары арасында тіл оқыту сапасын арттыру, кәсіби шеберлікті шыңдау және үздік тәжірибелерді насихаттау мақсатында дәстүрлі «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың ашылу салтанатында мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, мемлекеттік тілді оқыту ісіндегі оқытушылардың еңбегіне жоғары баға беріп, мұндай кәсіби алаңдардың тәжірибе алмасу мен кәсіби дамудағы маңыздылығына тоқталды.
Қазылар алқасы құрамында: Абызова Айна Маратқызы – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің философия ғылымдарының докторы (PhD), төрайым, Қуандық Мөлдір Дәулетбекқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, Балпық би атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және Елесбаева Жанар Әлмұхаметқызы – Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысы болды.
Байқауға орталықтың аудандық және қалалық филиалдарының мемлекеттік тіл оқытушылары қатысып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Ауелбекова Айгерім Матайбекқызы (Сарқан ауданы)
І орын – Оралбаева Перизат Қайратқызы (Қаратал ауданы)
ІІ орын – Барат Қырмызы Ердәулетқызы (Панфилов ауданы)
ІІІ орын – Айдынқызы Айдана (Алакөл ауданы)
Алғысхатпен Талдықорған қаласы, Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Көксу аудандары және Текелі қаласының оқытушылары марапатталды.
Байқау барысында қатысушылар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай байқаулар оқытушылардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және мемлекеттік тілді оқыту сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Областной конкурс «Лучший преподаватель»

В целях повышения качества преподавания языка, повышения профессионального мастерства и пропаганды лучших практик среди преподавателей районных и городских филиалов центра прошел традиционный областной конкурс «Лучший преподаватель», организованный учебно-методическим центром «Тіл» Жетысуской области. На открытии конкурса руководитель учреждения Ж. Жолдыбаев пожелал участникам удачи, высоко оценил труд преподавателей в деле обучения государственному языку и отметил важность таких профессиональных площадок в обмене опытом и профессиональном развитии. В составе жюри: Абызова Айна Маратовна-доктор философских наук (PhD) Жетысуского государственного университета имени И. Жансугурова, председатель, Куандык Молдир Даулетбековна-магистр педагогических наук, учитель казахского языка и литературы средней школы имени Балпык би и Елесбаева Жанар Альмухаметовна-преподаватель государственного языка учебно-методического центра «Тіл» Жетысуской области был преподавателем курса. В конкурсе приняли участие преподаватели государственного языка районных и городских филиалов центра, которые продемонстрировали свое профессиональное мастерство. По итогам конкурса: Главный приз-Ауельбекова Айгерим Матайбековна (Сарканский район) І место - Оралбаева Перизат Кайратовна (Каратальский район) ІІ место-Барат Қырмызы Ераулетқызы (Панфиловский район) ІІІ место-Айдана Айдыновна (Алакольский район) Благодарственными письмами награждены преподаватели г. Талдыкорган, Аксуского, Ескельдинского, Кербулакского, Коксуского районов и г. Текели. В ходе конкурса участники представили эффективные методы и приемы обучения государственному языку, поделились профессиональным опытом. Такие конкурсы позволяют повысить квалификацию преподавателей, обменяться опытом и улучшить качество преподавания государственного языка.

Жолдыбаев Женис Хамитович
Руководитель учреждения