Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы ММ-нің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысын шығарып, мемлекеттік тіл және ағылшын тілі курстарының тыңдаушыларына салтанатты түрде сертификаттар табыстады.
Іс-шара барысында оқу курстарын сәтті аяқтаған тыңдаушылардың білім деңгейі мен тілдік құзыреттерінің артқаны атап өтіліп, олардың мемлекеттік тілді және ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылығы жоғары бағаланды.
Сонымен қатар оқу үдерісіне белсенді қатысып, үздік нәтиже көрсеткен тыңдаушыларға орталық басшысы Ж. Жолдыбаев тарапынан арнайы алғыс білдіріліп, ынталандыру мақсатында естелік сыйлықтар табысталды.
















