Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 12 маусым күні Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы №6 орта мектеп-интернатында Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Көптілді ортада мемлекеттік тілді үйрету және тілдік кедергіні жеңу жолдары» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өткізілді.
Іс-шараны мекеме басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев кіріспе сөзбен ашып, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырларына алғысхаттар табыстады.
Семинарға арнайы шақырылған спикерлер – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы Фазылжан және аталған институттың грамматика бөлімінің ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының магистрі Қымбат Берікұлы Слямбеков қатысып, көптілді ортада мемлекеттік тілді оқытудың тиімді тәсілдері, тілдік кедергілерді еңсеру жолдары туралы мазмұнды баяндамалар жасады.
Ауданның жалпы білім беретін мектептерінен 100 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қатысқан семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарын қойып, тәжірибе бөлісті.
Областной выездной семинар на тему: "обучение государственному языку в полиязычной среде и пути преодоления языкового барьера»
В целях реализации Концепции развития языковой политики в Республике Казахстан на 2023-2029 годы 12 июня 2026 года в средней школе-интернате №6 города Жаркент Панфиловского района учебно-методическим центром «Тіл» Жетысуской области проведен областной выездной семинар на тему «обучение государственному языку в полиязычной среде и пути преодоления языкового барьера». С вступительным словом открыл мероприятие руководитель учреждения Жолдыбаев Женис Хамитович и вручил благодарственные письма тем, кто внес вклад в развитие государственного языка. В семинаре приняли участие приглашенные спикеры-директор Института языкознания имени Ахмета Байтурсынова, кандидат филологических наук Фазылжан Анар Муратовна и научный сотрудник отдела грамматики данного института, магистр филологических наук Слямбеков Кымбат Берикович, которые выступили с содержательными докладами об эффективных подходах к обучению государственному языку в полиязычной среде, путях преодоления языковых барьеров. В ходе семинара, в котором приняли участие 100 учителей казахского языка и литературы общеобразовательных школ района, участники обменялись мнениями, задавали вопросы и делились опытом.
















