07/09/2026  Дүйсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

 

2026 жылғы 31 наурыз күні Талдықорған қаласындағы Тіл сарайының Мәжіліс залында Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілді оқыту үдерістерін жаңарту: оқыту нысандары, әдістері мен сапаны бағалау» тақырыбында оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.
Іс-шараның ашылуында орталық басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев сөз сөйлеп, курстың маңыздылығына тоқталды.
Курс барысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан «Ұлттық тілдік-мәдени кодтарды үйрету – тіл оқыту әдістемесінің креативті өзегі» тақырыбында сабақ өткізіп, тіл мен мәдениетті ұштастырудың тиімді жолдары мен заманауи тәсілдерін таныстырды.
Курстың екінші бөлігінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Өтебаева Эльмира Әбдіғалиқызы «Қазақ тілі ұлттық корпусы мәдени-репрезентативті ішкорпусының лингводидактикалық әлеуеті» тақырыбында жалғастырып, ұлттық корпустың тіл оқытудағы мүмкіндіктерін тәжірибелік тұрғыда көрсетті.
Курс барысында қатысушыларға практикалық тапсырмалар ұсынылып, топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқытушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды.
Іс-шара соңында пікір алмасу өткізіліп, курс қорытындыланып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Аталған курс тіл мамандарының кәсіби дамуына серпін беріп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған маңызды алаң болды.

Курс повышения квалификации «Инновации в процессах преподавания языков: формы обучения, методы и оценка качества»

31 марта 2026 года в зале «Маджилис» Дворца языка в Талдыкоргане состоялся курс повышения квалификации для учителей на тему «Инновации в процессах преподавания языка: формы обучения, методы и оценка качества», организованный учебно-методическим центром «Тил» Жетысуской области.

На открытии мероприятия выступил руководитель центра Женис Хамитулы Жолдыбаев, подчеркнув важность курса.

В ходе курса Анар Фазылжан, директор Института лингвистики им. Ахмета Байтурсынулы, кандидат филологических наук, провел занятие на тему «Преподавание национальных лингвистических и культурных кодов – творческое ядро ​​методики преподавания языка» и представил эффективные способы и современные методы сочетания языка и культуры.

Во второй части курса заведующая кафедрой этнолингвистики Института лингвистики им. Ахмета Байтурсынылы, кандидат филологических наук Утебаева Эльмира Абдыгалиевна продолжила лекцию на тему «Лингводидактический потенциал культурно-репрезентативного корпуса казахского национального корпуса» и продемонстрировала возможности национального корпуса в преподавании языка на практике.

В ходе курса участникам были предложены практические задания и организована групповая работа. Преподаватели получили возможность обменяться опытом и повысить свою профессиональную квалификацию.

В конце мероприятия состоялся обмен мнениями, подведены итоги курса и вручены сертификаты всем участникам.

Этот курс стал важной платформой, направленной на стимулирование профессионального развития лингвистов и расширение сферы использования государственного языка.

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы