2026 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Жетісу облысы Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар арасында «ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ» атты облыстық зияткерлік сайыс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін үйренушілердің білімін шыңдау, тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру және этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыру.
Зияткерлік сайысқа Жетісу облысының қала және аудан филиалдарынан этнос өкілдерінен құралған 10 команда қатысты. Қатысушылар өздерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін, білімін, тапқырлығы мен ой ұшқырлығын сынға салды.
Сайыстың ашылуында «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, мемлекеттік тілді меңгеру – ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды жолдарының бірі екенін атап өтті.
Сайыс үш кезең бойынша ұйымдастырылды. «Бәйге» кезеңінде қатысушылар Қазақстан тарихы, мәдениеті мен мемлекеттік тілге қатысты сұрақтарға жауап берсе, «Сөз мерген» кезеңінде сөздік қорлары мен тілдік білімдерін көрсетті. Ал «Тұлғаны таны» кезеңінде белгілі тарихи тұлғалар мен мәдениет, ғылым, әдебиет және спорт өкілдерін суреттер арқылы танып, Қазақтың тұлғалары туралы айтып бере білді.
Қатысушылардың өнері мен білімін әділқазылар алқасы бағалап, сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Сайыс нәтижесінде:
• Бас жүлде – «Арлан» тобы, Талдықорған қаласы;
• І орын – «Тілмар» тобы, Алакөл ауданы;
• ІІ орын – «Шекара қалқаны» тобы, Панфилов ауданы;
• ІІІ орын – «Бірлік» тобы, Ақсу ауданы иеленді.
Жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды. Өзге қатысушы командаларға да Алғысхаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік тілді меңгерудің маңызын тағы бір мәрте айқындап, қазақ тілін үйренуге деген ынта-ықыластарын көрсетті. Осындай зияткерлік сайыстар этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне қолдау көрсетіп, өңірдегі достықты, бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.
Состоялся региональный интеллектуальный конкурс под названием «Язык — основа независимости».
16 октября 2026 года в честь 35-летия Независимости Республики Казахстан учебно – методическим центром «Тіл» государственного учреждения «Управление внутренней политики Жетысуской области проведен областной интеллектуальный конкурс» ТІЛ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ " среди взрослого населения, владеющего государственным языком. Основная цель мероприятия-расширение сферы применения государственного языка, повышение знаний изучающих казахский язык, повышение интереса к изучению языка и формирование уважения к государственному языку среди представителей этносов. В интеллектуальном конкурсе приняли участие 10 команд из городских и районных филиалов Жетысуской области, представляющих этносы. Участники раскритиковали свой уровень владения казахским языком, знания, смекалку и сообразительность. На открытии конкурса руководитель учебно-методического центра «Тіл» Жолдыбаев Женис Хамитович пожелал участникам удачи и отметил, что владение государственным языком – один из важнейших путей укрепления единства страны и общественного согласия. Конкурс был организован в три этапа. На этапе» байга «участники ответили на вопросы, касающиеся истории Казахстана, культуры и государственного языка, на этапе» Сөз мерген " продемонстрировали словарный запас и языковые знания. А в период "таны Мілік" известные исторические личности и представители культуры, науки, литературы и спорта узнавали по картинам и рассказывали о казахских личностях. Выступления и знания участников были оценены жюри, по итогам которого были определены победители. В результате конкурса: * Главный приз-группа» Арлан", г. Талдыкорган; * І место-группа» Тілмар", Алакольский район; * ІІ место-группа "пограничный щит", Панфиловский район; * ІІІ место-группа» Бірлік", Аксуский район. Команды-победители были награждены дипломами. Другим командам-участникам также были вручены благодарственные письма и поощрительные призы. В завершении мероприятия участники еще раз отметили важность владения государственным языком и проявили энтузиазм в изучении казахского языка. Подобные интеллектуальные конкурсы способствуют укреплению дружбы, единства и общественного согласия в регионе, поддерживают владение государственным языком представителями этносов.
















