2026 жылғы 25 маусымда Жетісу облысының Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, шығармашылық бағыт» тақырыбында облыстық көшпелі семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттау, өңірлер арасындағы тәжірибе алмасуды дамыту, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру және тіл үйретудегі шығармашылық бағыттарды кеңінен талқылау болды.
Семинардың кіріспе сөзін Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев сөйлеп, мемлекеттік тілді сапалы оқытудың маңыздылығына тоқталды. Ол тіл үйрету үдерісінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану, әдістемелік ізденісті күшейту және тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.
Семинар барысында Қарағанды облысының Тілдерді оқыту орталығының директоры Алмагүл Ақмашқызы Игенова мемлекеттік тілді оқытудағы озық тәжірибелер, заманауи оқыту әдістері мен тың жобалар жөнінде мазмұнды баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының грамматика бөлімінің ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының магистрі Қымбат Берікұлы Слямбеков қазақ тілінің грамматикалық нормалары, тіл мәдениеті және мемлекеттік тілді оқытудағы ғылыми-әдістемелік бағыттар туралы кеңінен баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік тілді оқытудағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, тиімді әдістер мен шығармашылық жұмыстар бойынша пікір бөлісті. Еркін форматтағы талқылау кәсіби байланыстарды нығайтып, жаңа бастамаларға жол ашты.
Іс-шара соңында семинарға қатысқан тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Облыстық көшпелі семинар мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыруға, оқытушылардың кәсіби тәжірибесін жетілдіруге және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды алаң ретінде өз мәресіне жетті.
Прошел областной выездной семинар «обучение государственному языку: метод, практика, творческое направление»
25 июня 2026 года в актовом зале районного акимата города Ушарал Алакольского района Жетысуской области проведен выездной семинар на тему: «обучение государственному языку: метод, практика, творческое направление». Цель мероприятия-пропаганда современных методов и приемов преподавания государственного языка, развитие обмена опытом между регионами, повышение профессиональной квалификации преподавателей и широкое обсуждение творческих направлений в обучении языку. Вступительным словом семинара выступил руководитель учебно-методического центра «Тіл» Жетысуской области Жолдыбаев Женис Хамитович, который отметил важность качественного обучения государственному языку. Он отметил важность эффективного использования новых технологий в процессе обучения языку, усиления методического поиска и обмена опытом. В ходе семинара директор Центра обучения языкам Карагандинской области Игенова Алмагуль Акмашовна выступила с содержательным докладом о передовом опыте преподавания государственного языка, современных методах обучения и новых проектах. Также научный сотрудник отдела грамматики Института языкознания им. Ахмета Байтурсынова, магистр филологических наук Слямбеков Кымбат Берикович подробно рассказал о грамматических нормах казахского языка, языковой культуре и научно-методических направлениях обучения государственному языку, а также ответил на вопросы участников. В ходе семинара участники обсудили актуальные вопросы преподавания государственного языка, обменялись опытом, поделились мнениями по эффективным методам и творческой работе. Обсуждение в свободном формате укрепило профессиональные связи и открыло двери для новых инициатив. В конце мероприятия слушателям, принявшим участие в семинаре, были вручены специальные сертификаты. Областной выездной семинар стал важной площадкой, направленной на повышение качества преподавания государственного языка, совершенствование профессионального опыта преподавателей и развитие межрегионального сотрудничества.
















