21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының ММ «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында «Ана тілі – рухани тәуелсіздіктің тірегі» атты облыстық байқау өткізетінін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты:
Мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақ тілін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау, ана тілінің рухани тәуелсіздіктің негізгі тірегі ретіндегі маңызын дәріптеу.
Байқауға қатысушылар:
Жетісу облысы аумағында қызмет атқаратын:
- баспа басылымдары,
- телеарналар,
- радиолар,
- интернет-басылымдар мен ақпараттық порталдар
журналистері мен авторлары.
Номинациялар:
- Үздік баспа материалы
- Үздік телесюжет
- Үздік радиоматериал
- Үздік интернет-материал
Қатысу талаптары:
- Материалдар қазақ тілінде дайындалуы тиіс;
- Тақырыбы ана тілі, мемлекеттік тіл, рухани тәуелсіздік, ұлттық құндылықтарға арналуы қажет;
- Материалдар байқау жарияланған мерзімде БАҚ-та жарық көруі тиіс;
- Бұрын басқа байқауларға ұсынылған немесе марапатталған жұмыстар қабылданбайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 16 ақпанға дейін
Ұсынылатын құжаттар:
- байқауға қатысу туралы өтініш;
- жеке куәліктің электронды көшірмесі;
- жарияланған мақаланың көшірмесі (PDF/Word);
- телесюжет немесе видеоматериал үшін – интернет-сілтеме;
- радиоматериал үшін – аудиожазба немесе сілтеме.
Марапаттау:
Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады.
Қосымша ақпарат үшін:
📞 8 747 847 47 27
📞 8 771 592 40 47
📍 Мекенжайы:
Тіл сарайы, Қаратал көшесі, 36 «Б»
















