07/09/2026  Дүйсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

 

19 ақпанда Жетісу облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілі – рухани тәуелсіздіктің тірегі» атты облыстық байқау өткізді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақ тілін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау және тілдің рухани тәуелсіздіктің тірегі ретіндегі маңызын дәріптеу.

Байқау міндеттері аясында мемлекеттік тіл тақырыбындағы сапалы журналистік материалдарды қолдау, БАҚ өкілдерінің қазақ тіліндегі шығармашылық еңбегін ынталандыру, ана тілі мен ұлттық құндылықтар мәселесін қоғам назарында ұстау, үздік жұмыстарды анықтап, көпшілікке тарату көзделді.

Байқауға Жетісу облысы аумағында қызмет атқаратын баспа басылымдары, телеарналар, радиолар, интернет-басылымдар мен ақпараттық порталдардың журналистері мен авторлары қатысты.

Қазылар алқасы құрамында ҚР Мәдениет қайраткері, Құрметті журналист Жұмахмет Жайлаубай, «Жетісу» облыстық газетінің бас редактор орынбасары Ришад Тұрғанбай, PhD докторы Абызова Айна Маратовна болды.

Қорытындысы бойынша:
«Үздік баспа материал» – І орын Медет Жұмабаев, ІІ орын Торғын Тұрлыбаева, Альфита Сексенбаева, Гаухар Муса, ІІІ орын Наргиз Ибраимова, Ербол Сымханов, Диана Дауренқызы.

«Үздік интернет материал» – І орын Нұрлыбек Несіпбаев, ІІ орын Дидар Қайрат, ІІІ орын Ажар Андас.

«Үздік радио материал» – І орын Сымбат Саттарқызы, ІІ орын Махаббат Жүзбайқызы.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, статуэтка және сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Региональный конкурс «Ана тілі – рухани тәуелсіздіктің тірегі»

19 февраля в Жетысуском областном учебно-методическом центре «Тил» состоялся региональный конкурс «Родной язык – опора духовной независимости», посвященный 21 февраля – Международному дню родного языка.

Цель конкурса – повышение роли государственного языка в обществе, широкое распространение казахского языка через средства массовой информации и популяризация важности языка как опоры духовной независимости.

Задачи конкурса – поддержка качественных журналистских материалов по теме государственного языка, поощрение творческой работы на казахском языке представителей СМИ, поддержание актуальности вопроса родного языка и национальных ценностей в общественном сознании, выявление лучших работ и их распространение среди общественности.

В конкурсе приняли участие журналисты и авторы из печатных изданий, телеканалов, радиостанций, интернет-изданий и информационных порталов, действующих в Жетысуской области.

В состав жюри вошли заслуженный журналист Республики Казахстан Жумахмет Жайлаубай, заместитель главного редактора региональной газеты «Жетысу» Ришад Турганбай и кандидат наук Абызова Айна Маратовна.

По результатам голосования:

«Лучший печатный материал» – 1 место Медет Жумабаев, 2 место Торгын Турлыбаева, Алфита Сексенбаева, Гаухар Муса, 3 место Наргиз Ибраимова, Ербол Симханов, Диана Дауреновна.

«Лучший интернет-материал» – 1 место Нурлыбек Несипбаев, 2 место Дидар Кайрат, 3 место Азхар Андас.

«Лучший радиоматериал» – 1 место Симбат Саттаркизы, 2 место Махаббат Жузбайкизы.

Победителям были вручены специальные дипломы, статуэтки и призы.

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы