07/09/2026  Дүйсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

 

1 Наурыз — Алғыс айту күніне орай А1, А2, В2 деңгейлері мен Іс жүргізу курсының тыңдаушыларының ұйымдастыруымен «Алғыс айту — ізгіліктің бастауы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Тіл үйретушілерге оқытушыларына құрмет көрсетіп, тіл үйретудегі зор еңбектің қадірін түсіндіру. Алғыс айту мерекесіне орай Жетісу облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік үйлестіру бөлімінің басшысы Назерке Нұрланқызына құттықтау сөзін айтты.
Шара барысында Іс жүргізу курсының тыңдаушылары: Арай Арманқызы мен Салтанат Баймұхамбетқызы би билесе, Таңдана Қаһар Әбдіғалидың термесін орындады, Әсел Адамбаева М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа оқыды. В2 деңгейінің тыңдаушылары: Әсем Төлепбергенқызы «Мың алғыс саған, ұстазым» әнін айтса, Айдана Ержанқызының орындауында «Алғыс» әні тыңдалды.
Жетісу облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы полковник К. Алтынбековтің атынан Жетісу облысы Тіл оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Хамитұлы мен Мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысы Жанар Әлмұхаметқызына Алғысхат табысталды.
Оқытушы Жанар Әлмұхаметқызы

Мероприятие на тему «Алғыс айту — ізгіліктің бастауы»

1 марта — В честь Дня благодарения учащиеся уровней А1, А2, В2 и Бизнес-курса провели мероприятие на тему «Благодарение — начало добра». Цель мероприятия: выразить уважение преподавателям языков и объяснить ценность их труда в обучении языкам. По случаю Дня благодарения с поздравительной речью выступила заведующая методическим координационным отделом Жетысуского областного учебно-методического центра «Тил» Назерке Нурлановна.

В ходе мероприятия учащиеся Бизнес-курса: Араи Армановна и Салтанат Баймухамбетовна исполнили танцы, Тандана Кахар исполнила термы Абдыгали, Асель Адамбаева прочитала стихотворение М. Макатаева «Уш бакитым». Учащиеся уровня В2: Асем Толепбергеновна исполнила песню «Мын аракс саган, устазим», а Айдана Ержановна — песню «Алгис».

От имени начальника управления по чрезвычайным ситуациям Жетысуской области полковника К. Алтынбекова было вручено благодарственное письмо руководителю Жетысуского областного языково-учебно-методического центра Женису Хамитулы и преподавателю Государственного языкового курса Жанар Алмухаметовне.

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы