07/09/2026  Дүйсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Семинардың мақсаты: Жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі рөлін айқындау, тіл үйрену үдерісінде цифрлық технологиялар мен AI құралдарының мүмкіндіктерін көрсету, озық тәжірибелерді бөлісу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар жұмысына Жетісу облысы бойынша жалпы білім беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары, тіл орталығның мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев кіріспе сөз сөйлеп, Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Олжас Кенжебекұлы Қойчибеков,  «Отандық ЖИ үлгілері» тақырыбымен елімізде құралған жасанды интеллект түрлерімен таныстырды.

Одан ары практикалық бөлімде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы «Жоламан орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Қожахметова және Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының оқытушысы Д. Утепберген арнайы шақырылып, өз тәжірибелерін бөлісті.

Қатысушыларға сертификаттар табысталды.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы