Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарында 19-21 маусым аралығында емтихан өтті.
Мемлекеттік тілді үйренуші- тыңдаушылармен мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев сұхбаттасып, курс туралы, тілге деген қызығушылығы туралы пікірін білді.
Ескелді аудандық емхана қызметкерлері (А1) тыңдаушыларынан мемлекетті тілді оқыту курсы бойынша емтихан қабылдау жүріп жатыр.
Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы М. Маралбаева «Ұлттық ұлан» сарбаздарына мемлекеттік тілді жетік білудің маңызын түсіндіріп, орталықтағы тіл үйрену курстары туралы пайдалы ақпарат берді.
2024 жылдың 30 мамыр күні Текелі қалалық филиалында «Өзекті өртер шындық» тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағұлмат беру.
Филиал меңгерушісі Айгүл Ермұханқызы тыңдаушыларды құттықтап, сөз алды. Сабаққа А2 базалық тобы қатысты. Сабақта қуғын –сүргінге байланысты слайд көрсетіліп, мәліметтер берілді.
Іс-шарада тыңдаушылар сұрақтарға жауап беріп, қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы қауым туралы білгендерін айтты. Қазақ зиялыларымен танысып болған соң, тест сұрақтарына жауап берді. Сабақ соңында викториналық сұрақтарға дұрыс жауап берді.
Қаратал аудандық филиалында ағылшын тілі оқытушысы И.Ибраева "31 мамыр– қуғын -сүргінге ұшырағандарды еске алу күніне" орай орталық тыңдаушыларымен танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы қуғын-сүргін арқылы 100мыңға жуық қазақстандық өткендігін, оның 20мыңы ату жазасына кесілгендігін айтты. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болғандығын слайд арқылы түсіндіріп өтті, 1минуттық еске алу үнсіздігі жарияланды. Тыңдаушылар сабақтан алған мағлұматтарын мемлекеттік тілден ағылшын тіліне аударып, сөз тіркестері мен сөйлем құрастырып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
В Каратальском районном филиале преподаватель английского языка Ибраева И. провела познавательное занятие со слушателями центра, посвященное "31 мая– Дню памяти репрессированных". В ходе урока преподаватель рассказал, что через репрессии прошли около 100 тысяч казахстанцев, из них 20 тысяч приговорены к расстрелу. В числе невинно наказанных были государственные и общественные деятели, интеллектуалы нации, такие как А. Бокейхан, А. Байтурсынов, М. Тынышбаев, М. Дулатов, Т. Рыскулов, М. Жумабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, И. Жансугуров, С. Асфендияров, 1минутное молчание памяти опубликовано. Слушатели смогли свободно излагать свои мысли, переводя с государственного языка на английский, составляя словосочетания и предложения.
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен өңір азаматтары Қазтест тапсырды.
16-18 мамыр аралығында 2 аудандық филиал (Алакөл —294, Панфилов — 227 адам) және облыстық орталықта ( 119 адам — диагностикалық, 48 адам — сертификаттық) Қазтест бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеуден 688 адам өтті.
Оның ішінде, 48 адам — сертификаттық тестілеуден өтсе, 640 адам диагностикалық тест тапсырған.
2024 жылғы 15 мамырда Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және Ақсу аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтің 130 жылдық мерейтойына орай, қаламгердің мол мұраларын зерттеу мен зерделеудің жаңа бағыт-бағдарын айқындау, талантқа тағзым ету мақсатында «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» атты ғылыми конференция өтті. Модераторы —Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев.
Құттықтау сөзді Ақсу ауданының әкімі Б.Тынышбаев сөйледі. Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов те ақын мұраларын кеңінен насихаттау — игі іс екендігін тілге тиек етті. Шараның алғашқы бөлімінде жиналған қонақтар І. Жансүгіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін Молықбай атындағы Мәдениет үйінде І.Жансүгіров атындағы музейдің және С.Сейфуллин атындағы кітапхананың көрмесін тамашалады. Конференция барысында Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» Жетісу облыстық филиалы төрағасы Әміре Әрін, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы Фазылжан, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Шәмек Баянұлы Тілеубаев, Жетісу облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай баяндама жасады.
Ұйымдастырушылар шараға арнайы келіп, тың деректер айтқан Ілияс Жансүгіровтің жиен немересі Ж.Жандосова және Шамғали Сарыбаевтың немересі Майра Сарыбайға шапан жапты.«Жетісу» газетінің редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері Ж.Оспанұлы ақынның «Домбыра» өлеңін оқып, талдап берді. Іс-шараға зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Ілияс Жансүгіровтің жиен немересі Ж. Жандосова іс-шараны ұйымдастырған Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаевқа алғысхат табыстады.
Іс-шара соңында конференцияға қатысушылар Ойтоған ауылына барып, ақын рухына Құран бағыштады, Ақсу ауылындағы Ілияс Жансүгіровтің тарихи-өлкетану музейіне ат басын бұрып, музей жәдігерлерімен танысты.